Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында инклюзивтік «Арман» театрының алғашқы қойылымы болып өтті.

​Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қала әкімдігінің қолдауымен және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ерекше жандарға арналған «Арман» инклюзивтік театрымен алғаш рет Талғат Телеубаевтың «Қолымнан ұста» атты пьесасы сахналанды.

​Қойылымның қорытындысында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов өнер ұжымын алғашқы қойылыммен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін жеткізді.

Театр ұжымы көрерменнің көзайымына айналып, олардың ыстық ықыласына бөленді.

Айта кету керек, биыл  қаңтар айынан бастап Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан ерекше жандарға арналған «Арман» инклюзивтік театр үйірмесі құрылды. Үйірменің жұмысын үйлестіру мақсатында қалалық мәдениет және спорт бөліміне қарасты кәсіпорын арқылы арнайы штат  бөлініп, бір маман жетекшілік етіп жатыр. 

Қазіргі таңда жетекші үйірмедегі оннан аса мүмкіндігі шектеулі жанға өнердің қыр-сырын, сахнаға театрлық қойылымдарды қоюды ғана емес, эмоциялық мәдениет пен актерлік шеберлікті қалыптастыруды үйретуде.

334970348_2506773482828272_7687318446956462690_n.jpg

Тағы да оқыңыз: