Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 1 маусымына Қызылорда қаласында тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 7 310 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.
Жыл басынан 5 577 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 556 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Халықтың аз қамтамасыз етілген «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2023 жылдың 1 маусымына мемлекеттік атаулы көмекке 2023 жылға 2 397,1 млн. теңге қаржы бөлінген.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаеваның айтуынша, жыл көлемінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 99 093 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 35 853 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 11 398 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 5325 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3970 адамға әлеуметтік төлем жүргізілген.
Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекеттің басты назарында. Әлемдік сарапшылар бақытты ел картинасын жасағанда елдегі халықтың табысында есепке алады. Елімізде биылғы шілде айынан бастап әлеуметтік кодекс күшіне енбек. Халықтың әлеуметтік жағдайын, жалпы ел бойынша әлеуметтік жағдайды реттейтін бірден-бір маңызды құжат күшіне енгенде бірқататар мәселелер шешімін таппақ. Мәселен, Әлеуметтік кодексті жалпы ТМД мемлекеттері тәжірибесіне енгізілген алғашқы біртұтас әлеуметтік құжат деп айтуға болады. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Бүгінгі күні Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қолданыста 17 заңнама бар екен. Осы заңнаманың барлық нормаларын біріктіріп, енді бұл Әлеуметтік кодексте қамтылмақ. Кодекс бала дүниеге келгеннен бастап, кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі. Бұл құжаттың бір жаңалығы – отбасының цифрлық картасының енгізілетіндігі. Мамандардың айтуынша, бұл халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, яғни мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады. Екіншіден – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады. Мұндай ақпарат әр отбасына мемлекеттік орган тарапынан SMS-хабарлама түрінде жіберілуде. Үшіншіден, мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізіледі. Ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады. SMS-хабарламаны министрлік арқылы әр отбасы туралы цифрлық ақпаратты зерттей отырып, күнделікті жіберіп отырады.
Бір сөзбен айтқанда, цифрлық карта арқылы халықтың әлеуметтік жағдайы цифрлық карта арқылы айқын көрінеді.
Халықтың аз қамтамасыз етілген «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2023 жылдың 1 маусымына:
Мемлекеттік атаулы көмекке 2023 жылға 2 397,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Шартты әлеуметтік көмекке 4 267 отбасының 22 730 адамына 1 059,4 млн. теңге тағайындалып, 4 127 отбасының 21 981 адамына 849,0 млн. теңге төленді.
- Шартсыз әлеуметтік көмекке 1 306 отбасының 5 213 адамына 403,4 млн. теңге тағайындалып, 1 275 отбасының 5 096 адамына 320,8 млн. теңге төленді.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 227 балаға 140,8 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың 6800 баласына жолда жүру ақысына 187,7 млн. теңге бөлініп, 6 985 балаға 79,2 млн. теңгесі төленді.
Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абонеттік жалғамалармен қамтуға 0,8 млн. теңге бөлінді.
Тұрғын үй көмегі бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (электр, газ, жылу, ауыз су және кәріз су қызметтерін тұтыну төлемі, күрделі жөндеу қызметтеріне) 2023 жылы жергілікті бюджеттен 65,1 млн. теңге бөлініп, 01.06.2023 жылға 1017 отбасыға 20,9 млн. теңге төленді.
«Құрмет» атағы бар 5 адамға 0,4 млн. теңге қаралып, 0,2 млн. теңге игерілді.
Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке 20 отбасына 10,3 млн. теңге бөлініп, 7 отбасына 3,6 млн. теңге төленді.
ҰОС-қа қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерьдің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медалымен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығына облыстық және қалалық бюджеттен 881 адамға 124,6 млн. теңге қаралып, 807 адамға 114,1 млн. теңге төленді.
Ауған соғысының, Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға, Ирактағы халықаралық бітімгершілікке, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысқа қатысушыларына және Чернобыль, Семей апатынан зардап шеккен азаматтарына, ЧАЭС апаттық салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір жолғы әлеуметтік көмекке 928 адамға 124,9 млн. теңге бөлініп, 930 адамға 124,3 млн. теңге төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілген әлеуметтік көмекке 320 адамға 132,5 млн. теңге бөлініп, 399 адамға 41,7 млн. теңге төленді.
Лейкоз ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек ретінде 24 балаға 7,5 млн. теңге бөлініп, 23 балаға 2,8 млн. теңге төленді.
АИТВ-инфекция диагнозы бар диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына берілетін әлеуметтік төлем 1 балаға 1,0 млн. теңге бөлініп, 0,4млн. теңге игерілді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға 695 адамға 9,6 млн. теңге қаралды.
Облыс әкімі гранты бойынша өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған халықтың осал тобынан шыққан студенттерге 2022-2023 оқу жылына оқу ақысы мен тамақтану және тұру шығындарына 136 студентке 115,5 млн. теңге бөлінді.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың қоғаммен байланыс орнату мақсатында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері мен мүгедектері арасында әлеуметтік маңызды іс-шараларды жүзеге асыруға 6,4 млн. теңге бөлініп, 2,5 млн. теңге игерілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын кешенді ыстық тамақпен қамту қызметіне 58,7 млн. теңге бөлініп, 24,8 млн. теңге төленді.
Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне» 100 орындық күндізгі болу жартылай стационарлық бөлімшеге – 203 адамға, «Белсенді ұзақ өмір» орталығына 198 адамға, «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығына» 48 адамға, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 15 адам тұрақты мемлекеттік қамтамасыз етілуге жолданды.
Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны 11 135 адам (1,2 топ – 4 585, 3 топ – 3 332), 3 218-і бала жасынан мүгедек.
Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы №26 қаулысына және «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес жыл басынан бері қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын мүгедектер гигиеналық және арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етілді. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес:
1 топ мүгедектеріне 930 жеке көмекшілердің қызметіне 1 305,7 млн. теңге бөлініп, 1005 жеке көмекшіге 356,8 млн. теңге төленді.
17 ымдау тілінің мамандарының қызметтеріне 69,5 млн. теңге бөлініп, 22,7 млн. теңге төленді.
Мүгедектерді инватакси қызметімен қамтамасыз етуге 38,7 млн. теңге бөлініп, 11,1 млн. теңге игерілді.
Үйде тәрбиеленіп және оқылатын 500 мүгедек балаларды материалдық қамтуға 46,6 млн. теңге бөлініп, 527 балаға 15,5 млн. теңге игерілді.
Мүгедектерге гигиеналық құралдарға (памперс) 426,2 млн. теңге бөлініп, игерілгені 286,2 млн. теңге (3533 адам).
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен мүгедектігі бар адамдарға арналған компьютерлік орталық ұйымдастыруды жүзеге асыруға 5,6 млн. теңге бөлініп, 1,7 млн. теңгесі игерілді.
Жартылай стационарлық түрдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 35 мүгедек балаларға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 34,0 млн. теңге қаралып және үйде қызмет көрсету жағдайында мүгедектігі бар балаларға 7,9 млн. теңге қаралды.
Қала бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 181 жалғыз басты азаматтар (мүгедектер, зейнеткерлер) есепте тұрады. Оның ішінде мүгедектер – 38 адам, 143 адам жасына байланысты зейнеткерлер. Оларға әлеуметтік қызметкер үйден түрлі әлеуметтік қызмет түрлері (азық-түлік, дәрі-дәрмек әкелу, коммуналдық төлемдерін төлеу, пәтерлеріне жеңіл тазалық жұмыстарын жүргізу және т.б.) көрсетіледі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 210 бала есепке алынған.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 147,9 мың адам (жұмыссыз адам саны 6962), жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз, облыста көрсеткіш – 5,0 пайызды құрады. (2022 жыл)
2023 жылдың 1 маусымына тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 7 310 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.
Жыл басынан 5 577 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 556 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Нысаналы топтардың ішінен жазасын өтеген 98 адам, тұрақты жұмысқа орналасқаны-54, жастар тәжірибесіне - 1 адам, қоғамдық жұмысқа – 15 адам, күміс жас жобасыны-1, мүгедектігі бар азаматтардың ішінен 25 адам тұрақты жұмысқа, 352 адам қоғамдыққа, 4 адам жастар тәжірибесіне, күміс жас жобасыны-23, «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздегі оқуға жолданды - 259.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 98 мың отбасындағы 514,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жастан бастап 6 жастағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша төлем түріне ауыстырылды.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,2 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады, ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылатын болады.
Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функциялары:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
- өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
- жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
«Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.
Өз кезегінде, мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру», дейдщі тиісті мамандар.
Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарда жалғаса береді.
Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі жұмыспен қамту саласындағы барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады.
Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары – бұл жұмыспен қамту органдары мен олардың клиенттері, яғни ізденушілер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарды және бизнес-процестерін түбегейлі өзгертіп, оларды онлайн-форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Онлайн қызметтерді іске қосу халықтың жұмыспен қамту органдары қызметкерлерімен тікелей байланысын азайтуға және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жұмыспен қамту саласында қызмет алуға өтініш білдірген азаматтардың шамамен 77%-ы Электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн-форматты пайдаланады.
2023 жылы қала бойынша 11624 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып (тұрақты 6346), 4592 жаңа жұмыс орны құрылды (39,5%), оның 1055-і тұрақты жұмыс орыны.
Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 3 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 90 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 583 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 52 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 360 адам кеңес алды.
2023 жылға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 541 адамға, 150 203,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Жаңа бизнес–идеяларды іске асыруға мемлекеттік грантттар беру үшін бюджеттен 380 адамға 524 400,0 мың теңге қаражат бөлінді.Қоғамдық жұмысқа 2185 адамға бюджеттен 1 808 837,0 мың теңге бөлініп, 2523 адам жұмысқа тартылып, 410 386,0 мың теңге игерілді.Әлеуметтік жұмыс орнына 289 адамға бюджеттен 239 292,0 мың теңге бөлініп, 145 адам жолданып, 22 292,0 мың теңге игерілді.Жастар тәжірибесі бойынша1592 адамға 1 977 264,0 мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген 190 мекемеге 274 жас маман жолданып, 224 785,0 мың теңге игерілді. Алғашқы жұмыс орнына 463 жас маманға 575 046,0 мың теңге бөлініп, 26 жас маман жұмысқа жолданп, 18 775,0 мың теңге игерілді.»Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 4 адамға 2 484,0 мың теңге қаражат бөлінді. «Күміс жас» жобасына 281 адамға 244 052,0 мың теңге бөлініп, 494 адам жолданып, 26 000,0 мың теңге игерілді.
Айта кетелік, биыл қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміна қарасты барлық орталықтар бір ғимаратқа шоғырланып, бір жерден қызмет көрсетуде. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған және бір терезе қағидатына сай қызмет көрсетуде.
Айта кету керек, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 105 азамат жолданып, оның 92-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын 5087 адам аяқтап, жаңа бизнес – идеяларды іске асыру бойынша 814 азамат мемлекеттік грантқа ие болды.
Сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 2942 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам, жастар тәжірибесіне 1108 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 71 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 5 адам, «Күміс жас» жобасымен 38 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды. Аталған бағдарламалар арқылы жұмысқа жолданған азаматтардың 512-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жыл көлемінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 99 093 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 35 853 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 11 398 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 5325 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3970 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді.
Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша 1 топ мүгедектеріне 904 жеке көмекші, есту кемістігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманы, 13 инватакси қызмет көрсетті. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 507 балаға әлеуметтік төлем жүргізіліп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал 225 отбасы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Айта кетелік, облыс орталығында жұмыссыздарды азайту, тұрғындардың кәсчіппен айналсуына мүмкіндік жасау мақсатында түрлі шаралар, әлеуметтік жәрмеңкелер жүйелі ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде кәсіпке ден қойғандар қатары артып келеді.