Kyzylorda-news.kz. Бүгін Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Халықаралық мүгедектер күніне арналған мерекелік шара өтті. 

Аталған шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жылы лебізін білдірді.

«Ерекше жандарға, оның ішінде жастарға кедергісіз жағдай жасау, оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу және белсенді өмір сүруіне ықпал жасау, жан-жақты қолдау көрсету- бұл біздің қоғам алдындағы парызымыз. Қаншама жанның жүрегіне жылу ұялап, өмірге деген құштарлығы оянып, үміттер қайта жанып жатса мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз», - деді Нұрымбет Аманұлы. 

Сонымен қатар, халықаралық мүгедектер күніне орай белсенділігімен ерекшеленген мүгедектігі бар адамдар және қоғамдық қорға облыс әкімі орынбасарының  «Алғыс хаты»  және қаржылай сертификат табысталды. 

Мерекелік шарада  мүгедектігі бар жандар өз өнерлерін ортаға салды.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 31 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында облыс көлемінде 2021-2025 жылдарға 1 294 инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспарланды. Оның ішінде өткен жылы 258 нысан бейімделсе, биылғы жылы 277 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.

316805127_1679049069157265_2618508027301457124_n.jpg
317448341_1679048802490625_3928503202463957366_n.jpg

Тағы да оқыңыз: