Kyzylorda-news.kz Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды.
28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған. Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде", – делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
"Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе, электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер", – деді мамандар.