Kyzylorda-news.kz Қызылордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірлік медиация бағыты мен этномедиация институтының қызметін таныстыру шарасы өтті.

Қызылордада этномедиация институтының жұмысы таныстырылды.jpg

Жиынға қала және аудан әкімдіктерінен келген мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Қатысушыларға Достық үйінің негізгі қызметтері мен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстар жөнінде «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Этномедиация орталығының үйлестірушісі Шахизат Абдраманова жан-жақты ақпарат берді.

1 Қызылордада этномедиация институтының жұмысы таныстырылды.jpg

Ол этномедиация орталығының атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, халық арасындағы дауларды шешу, татуласу мәдениетін дамыту және келісім құндылықтарын дәріптеу бағытындағы тәжірибелермен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: