Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар байқауы ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.

Сайыстың бірінші кезеңі аймақтарда жергілікті білім бөлімдерімен өткізілді. Екінші кезеңге үздік болып танылған 20 команда қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерін, өздерінің үгіттеу шаралары мен миниатюралар театырындағы қойылымдарында көрсете білді.

Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды деп айтуға болады.

Сайыстық комиссиясының шешіміне сәйкес екінші кезеңге қатысқан барлық үгіт бригадалар аймақтық жеңімпаздар болып танылды. Шиелі ауданы бойынша №50 мектеп, Қармақшы ауданынан №273 мектеп және Арал ауданы бойынша №220 орта мектеп үздіктер қатарынан көрінді. 

Айта кетейік, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

Динара МАХАНОВА

WhatsApp Image 2023-03-28 at 15.51.56 (2).jpeg

Тағы да оқыңыз: