Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында орта, орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында «Есірткісіз өмір ғажайып...» тақырыбында фотосайыс ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемаларын және қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту болып табылады.

Байқауға 6-18 жас аралығындағы 200-ден астам жас қатысты. Оның ішінде сайыстың екінші кезеңіне 60 қатысушы өтті.
Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз суреттерінде нашақорлық проблемаларын көрсете алды.

Сайыс комиссиясының шешіміне сәйкес 25 қатысушы аймақтық жеңімпаз деп танылды.

Жүлдегерлер қатарында Арал ауданының №69 орта мектеп оқушысы Еркеназ Қойшанова, Қазалы ауданының №249 орта мектеп-лицей оқущысы Али-Имран Мақсат, Шиелі ауданының №46 орта мектеп-лицей оқушысы Аделя Ақәділ, Қызылорда қаласының №3 орта мектеп-лицей оқушысы Айзере Балтабай, Қызылорда қаласының №271 және №280 орта мектеп оқушылары Жұлдызай Қарғабай және Ұлан Мұханбетәлі, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледж студенттері Зарина Ғалымжан мен Малика Абсатқызы, «ORDA» жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Анель Ғалымжанқызы.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Динара МАХАНОВА

WhatsApp Image 2023-04-09 at 17.44.04 (1).jpeg

Тағы да оқыңыз: