Kyzylorda-news.kz. Бүгін сағат 13:54-те Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына екі жасар баланың құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама түсті. 

Оқиға Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылында орын алған. Ауылдағы С.Молдалиев көшесі №12 үйде 2021 жылы туылған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11:30 шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болды.
Қайтыс болған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесі №12 тұрғын үйіне, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген. 

Департамент қызметкерлері тұрғындардан балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Тағы да оқыңыз: