Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 800-ден астам жас маман жұмысқа орналасты.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл-аймақты қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Бағдарлама аясында жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.
Биыл Қызылорда қаласында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыны 110 маман алды. Оларға 33 млн. 693 мың теңге қаржы қаралды. Бюджеттік кредитке 25 маман өтінім беріп, оларға 114 млн. 863 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда аталған қаржы толық игерілді.
Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округ және кенттерге жұмыс істеуге барған мамандар саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінге дейін барлығы 838 жас маман жұмысқа орналасып, көтерме жәрдемақы алды. Сонымен қатар 280 жас баспаналы болды.
Айта кетейік, өткен жылы облыс көлемінде 105 маманға 291700 теңгеден барлығы 30628,5 мың теңге қаржы толық игерілген. Оның ішінде білім саласынан 64 маман 18668,8 мың теңге, денсаулық сақтау саласынан 17 маман 4958,9 мың теңге, мәдениет саласынан 7 маман 2041,9 мың теңге, спорт саласынан 4 маман 1166,8 мың теңге, агроөнеркәсіп саласынан 10 маман 2917,0 мың теңге, мемлекеттік қызметшілер 3 маман 875,1 мың теңге көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді.

