Kyzylorda-news.kz. Қызылордада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмысшы топтың отырысы өтті.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ақзира Қасымованың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті. 

Жиында қала көлемінде дін саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергеновтің баяндамасы тыңдалып, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан  жыл сайын «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында «TAU NEWS» республикалық ақпараттық орталығы арқылы арнайы бейнероликтер әзірленген. Сонымен қатар, 180 адрестік кездесу ұйымдастырылып, республикалық ақпараттық-түсіндірмелік топ құрамындағы теолог мамандардың қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

​Айта кету керек, кездесуге қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдері, қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары, қалалық ақпарат түсіндірмелік және жұмысшы топ мүшелері қатысты.

317263642_1300009107518883_2706823235133851729_n.jpg

Тағы да оқыңыз: