Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Гежуба Групп  Цемент» компаниясының басшылығын қабылдады.

Компанияның Бас директоры Ян Дан жұмыс қорытындысы мен алдағы уақытта межеленген жоспарларды баяндады. Бүгінде зауыт толық қуатымен іске қосылған, 1 млн. тоннадан астам 6 түрлі өнім шығарып, аймақ экономикасының дамуына үлес қосып келеді. 

Аймақ басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тілеп, өз тарапынан тиімді әріптестік орнатып, өндірістік жобаларға қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: