Kyzylorda-news.kz. Өңірдегі құрылыс саласының басым бөлігін тұрғын үй құрылысы құрайды. Қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегін азайту мақсатында жыл сайын көпқабатты үйлер бой көтереді. Бұл жағынан шаһарды алдыңғы қатардан көруге болады.

Үй кезегіндегі тұрғындарға, көпбалалы отбасыларға және апатты жағдайдағы үйді қоныстанған тұрғындарға пәтер кілтін табыстау өңірде жыл сайынғы дәстүрге айналған. Құрылысы қарқын алған Қызылорданың көркейіп, дамуына халық санының артуы, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың көптеп салынуы себеп болуда. 

Бір қызығы, қалада бұған дейін тек 5 көпқабатты үйлер салынып келсе, биыл бұл қасаң қағида өзгерді. Қаланың сол жағалауынан заманауи үлгідегі барлық инфрақұрылымдық ахуалы жарақтандырылған, 7 және 9 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қалануда. Бұл шаһарда бұрын-соңды салынбаған жаңа нысан болмақ. 

Биыл тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 8 139,0 миллион. теңге бөлініпті. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылыстары қаланың екі аумағында жүргізілуде. Оның ішінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында 7 қабатты 84 пәтерлі 6 тұрғын үйді салуға 2 746,0 миллион. теңге бөлінсе, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданына 470 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 5 365,5 миллион теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының СПМК-70 шағын ауданындағы № 2 тұрғын кварталында 50 пәтерлі № 8 тұрғын үйдің құрылысына 27,5 миллион.теңге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, аталған аумақта халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 600 пәтерді сатып алуға 6 322,5 миллион. теңге қаралған. Мұның бәрі тұрғындар игіліг жолында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы.

Шаһарда тұрғын үй салудан бөлек, ескірген көне үйлерді қайта жаңғырту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 12 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 773,8 миллион. теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Қалалық тұрғын үй инспекциясы мамандарының берген мәліметінше, 2023 жылдың 1 мамырында  қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың  5 дара тізімдері бойынша  28 041 отбасы кезекте тұр екен. 

Оның ішінде:

- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында 1419;

- Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар – 4 624;

- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында – 10559 тұрғын; 

- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын  адамдар – 10900 тұрғын;

- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 532 тұрғын бар.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы бойынша апаттық деп танылған 42 көпқабатты және 3 жер үйлер тіркелген.

Жергілікті халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде мемлекеттік бағдарламалардың да игілігі барын айта кеткен жөн. Бұл ретте, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 80 маманға 414,0 миллион. Теңге бөлініпті. Сондай-ақ, оларға берілетін көтерме жәрдемақыға 110 маманға 37,9 миллион. теңге қаржы қарастырылған.

Мамандар осы орайда, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде негізгі капиталға инвестиция салудың да өз септігі барын айтады. Бұл бағытта қалада 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 58 457 миллион. теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 119,6 пайызды құраған. Оның ішінде, қаржының 3 141,4 милилон. Теңгесі, яғни 6,4 проценті республикалық бюджеттен болса, 16 811,6 миллион. теңгесі (34,2 процент) жергілікті бюджеттен, 25 258,5 миллион. теңгесі (51,4процент) жеке қаражаты есебінен, 3 940,0 миллион. теңгесі (8,0 процент) қарыз қаражаты есебінен игерілген. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көлемі 15 милилон 843 мың. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 135,6 процентке жеткен. Сонымен қатар, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2023 жылдың 1 маусымына жалпы ауданы 101 175 шаршы метр, оның ішінде мемлекеттік меншік қаражаты есебінен 4 403 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 92 966 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,2 процентті құраған.  

Тағы да оқыңыз: