Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бірнеше пәтер ұрлығын жасаған 21 жастағы күдікті ұсталды.

Қызылорда облысы ПД Қазалы аудандық полиция бөліміне 7 қазан күні 3 аудан тұрғыны арызданған. Белгісіз біреу түнгі уақытта үйдің пластик терезесін бұзып кіріп, алтын бұйымдары мен ұялы телефондарын қолды еткен.

​Келесі жолы әккі ұры есігі құлыптанбаған пәтерге кіріп, ұялы телефон мен оның  құрылғыларын ұрласа, үшінші жағдайд жеке үйдің ауласында тұрған автокөліктен автомагнитола ұрлаған.  Жәбірленушілерге бір миллион теңгеден аса залал келтірілген.

Түскен ақпарат бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп,  жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай сол ауданның  21 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктіден айғақ зат ретінде алты ұялы телефон,  8 дана алтын сақина, 2 білезік, телефон құрылғылары, ақша, қымбат шараптар, автомагнитола алынды. Ұсталған күдікті қамаққа алынды.

Ұрлық қылмыстары бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің  3-тармағымен (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қазіргі уақытта полицейлер бұл азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын  тексеруде.
 

Тағы да оқыңыз: