Kyzylorda-news.kz  Бүгін «AMANAТ» партиясы қалалық филиалының «Ынтымақ», «Сымбат», «Белкөл», «Арай», «Шапағат» бастауыш партия ұйымдарының төрағалары өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 

Бастауыш партия ұйымдарымен өзара байланысты нығайтып, олар тарапынан партия бастамалары мен жобаларын іске асыруы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның аясында бастауыш партия ұйымдарының өткен жылы атқарған жұмыстарын саралап, ағымдағы жылға жоспарларын пысықтады.

Бүгінде бастауыш партия ұйымдары жарнапұл, трансферттік қаржыны игеру, партиялық жобалар аясында шаралар өткізу, қоғамдық жұмысқа белсене араласу бағытында жұмыстар атқаруда. 

Есеп беру жиналысында партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев: Партияның әр мүшесі өздеріне көрсетілетін қамқорлықты, қолдауды сезінуі қажет. Сондықтан, қаладағы топтық ұйымдардың басшысы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары ретінде сіздерге жүктелген жауапкершілік жүгі ауқымды. Біз партия тарапынан белсенді партия мүшелеріне қолдау көрсетіп, еңбегін бағалап түрлі марапаттарға ұсынамыз. Сонымен қатар, әр партия мүшесінің өмірінде орын алған мәселелерге байланысты партия, бастауыш партия ұйымдары тарапынан қолдау болуы қажет, – деді.

Тағы да оқыңыз: