Kyzylorda-news.kz BI Engineering & Construction 46 гектарқоғамдық кеңістікті жаңартты.Жаңа спорт алаңдары, субұрқақтар, скейт-парк пайда болды, ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

BI Engineering & Construction компаниясы Қызылорда қаласындағы ең ірі қоғамдық орындардыңбірі, Бірінші Президент саябағын қайта жаңарту жұмыстарын аяқтады. 46 гектар жер спортпен айналысатын, отбасымен уақыт өткізетін заманауи демалыс орнына айналды.

BI-557048.jpeg

Жобаның негізгі бөлігі– саябақ, ол 37,5 гектар жерді алып жатыр. Мұнда серуендейтін алаң, демалыс орындары бар.
Алты спорт алаңы жабдықталды.Үлкен және кіші футбол алаңдары, теннис, баскетбол, стритбол, бадминтон алаңдары.
Жастар мен экстремалды спортты сүйетіндер үшін 2628 м² аумақты қамтитын памп-трек пен скейт-парк салынды.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын және воркаут аймақтары бар.

Саябақтың инфрақұрылымыбұл жерде ұзақ уақыт демалуға ыңғайланған. Төрт фудкорт, кафелер, бес санитарлық торап орналасқан. Әткеншектер мен көлеңкелі шатырлар, шахмат павильоны бар, автотұрақ пен модульдік бақылау-өткізу пункттері бар кіреберістер жабдықталған.

Саябақтың негізгі параметрлері мен нысандары:
аумағы – 37,5 га
6 спорт алаңы
скейт-парк – 2600 м² және памп-трек
4 фудкорт және кафелер
3 субұрқақ кешені
Биіктен шолу жасайтын кабиналар дөңгелегі – 50 м, 32 кабина
2000-нан астам ағаш және 105 000-нан астам бұта мен гүлдер
газондар – 80 000 м²
12 тақырыптық мүсін

Саябақтың сыртқы келбеті де айтарлықтай өзгерді. Жасыл желектер жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Суару үшін көлемі 500 м³ болатын үш резервуар салынды.

BI-557049.jpeg

Сәулеті ерекше үш субұрқақ кешені бар: дөңгелек тұманды субұрқақ, ұзындығы 120 метр «Сырдария» субұрқағы және «Өмір терегі» композициясы. Олар ауа-райы жылынып, маусым басталған соң қосылмақ.

Саябақтың әр жерінде тәңірлік күнтізбенің 12 жылына арналған 12 мүсін орнатылған.Олардың қатарында жылқы, қой, сиыр, қоян және басқа жануарлардың бейнелері бар.

«Саябақ қазір жай ғана жасыл аймақ емес, қала өмірі қалыптасатын толыққанды қоғамдық кеңістік. Мұнда балалар ойнайды, жасөспірімдер спортпен айналысады, отбасымен бірге уақыт өткізеді. Қызылордада осындай заманауи саябақтың пайда болуы қала дамуының маңызды қадамы.

Мұндай ауқымды жобалар бірден іске қосылмайды. Жасыл желектер бейімделуі тиіс,инфрақұрылымның бір бөлігі, мысалы субұрқақтар, маусым ашылған соң  іске қосылады. Жазға қарай саябақ толықтай жұмыс істейді», – деді жоба жетекшісі Владислав Хен.

Аумақтың инженерлік инфрақұрылымы да жаңарды. 1598 шам және жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін үш трансформаторлық қосалқы станция орнатылды.

Жоба құрамына 300 орындық балалар лагері (6,09 га) және жылыжайы бар ботаникалық бақ (2,41 га) та кіреді. Бұл нысандардағы жұмыстар жалғасуда, жазда аяқталып, пайдалануға берілмек. 

Тағы да оқыңыз: