Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында қоршаған ортадағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыртқыш аңдардың санын реттеу бағытында жұмыс жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылы 167 рейдік іс-шара ұйымдастырды.

— Нәтижесінде 47 қасқыр, 6 шибөрі ауланды. Сонымен бірге биыл 13-22 қаңтар аралығында Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Жаңақорған ауданындағы Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтерінің құм жақ беткейінде жыртқыш аңдар аулады. Рейд барысында 2 қасқыр, 90 шибөрі ұсталды, — делінген хабарламада. 

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Тағы да оқыңыз: