Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 2 мамыр күні сағат 22:50 шамасында Қызылорда қаласындағы орталық көшелердің қиылысында 3 автокөлік Тасбөгет кентіне қарай бағыт алу барысында жол жүру ережесін бұзып, жол кептелісін жасаған.
Аталған құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнекамерасына түсіп, тиісінше жедел түрде патрульдік полиция бекеттеріне бағыт-бағдар берілді.
Полиция қызметкерлерімен оқиға орнында үш көліктің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, Ваз 2107 маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 5-бөлігімен (көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу); 593-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) хаттамалар толтырылып, құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.
Мерседес маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 615-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Ал, БМВ маркалы автокөлігіне 593-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау); 615-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырылып, әкімшілік шара көрілді.
Талдау көрсеткендей, жол – көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі - жылдамдық режимін сақтамау және қозғалыстың қарсы бағытына шығу. Осы ретте Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушілерден өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
