Kyzylorda-news.kz   Қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша «Қауіпсіз қоғам» рейдттік профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.

Рейд барысында компьютерлік ойын – сауық орындары, парктер мен спорт алаңдары қамтылды.

406332638_748271660671806_5471175509846386954_n.jpg

Түнгі рейд шарасына Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының полиция майоры Д.Майрихов, Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі М.Есжанов, «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ә.Баймұрза және ұйым еріктілері мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты.

Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

406294628_748271644005141_1883087372952430896_n.jpg

«Профилактикалық жұмыстар жастар көп шоғырланатын орындарда және мейрамханаларда жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағалануда. Осы орайда ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қатаң бақылауда ұстауды сұраймыз. Бірлескен бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады, – дейді «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ә.Баймұрза.

Іс-шараның 7 күндік қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуының 227 дерегі анықталып, 442-бап бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

406278580_748271657338473_5701152148115576867_n.jpg

Тағы да оқыңыз: