Kyzylorda-news.kz.  Бүгін партияның қалалық филиалына қарасты «Өрлеу», «Шұғыла», «Үміт», «Кәсіпкер», «Ақмаржан» бастауыш партия ұйымының төрағалары 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 
Өткен жыл бастауыш партия ұйымдары үшін толайым табысқа толы, үлкен іс шаралардың іске асқан жылы болды. Себебі, партиялық жобалардың ауқымы кеңейіп, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары бойынша бастауыш ұйым өкілдеріне жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында партияның қалалық филиалының кент пен ауылдық округтерден құралған бастауыш ұйымдарында ашық есік күндері өтті. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының аясын арттыруды тапсырғандықтан, 2023 жылдың соңғы тоқсанында бастауыш партия ұйымдарында аталған жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінде партияның қалалық филиалына қарасты бастауыш ұйымдары партиялық жарна қаражатынан шотқа кері қайтарылатын 20 процент қаржыға партиялық жобалар аясында шаралар өткізуде. Бұл игі іс шаралар партия мүшелерін қоғамдық жұмысқа белсенді қатыстырып, жобалар бойынша шаралар ауқымын кеңейту бағытында атқарылуда.

Тағы да оқыңыз: