Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде өткізілген «Ата-ана-Жасөспірім-Көше» жедел профилактикалық  іс-шарасы барысында полиция органдарына барлығы 190 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның 186 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін және қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 4 жасөспірім облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, он сегіз жасқа толмаған 1 бала темекі сатқан. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтамаған 7 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды.

«Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар(ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы)  10 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) 151 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: