Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында автобусқа соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға 19 желтоқсанда «Шымкент-Самара» тас жолының Қармақшы ауданының тұсындағы бөлігінде тіркелді. «Youtong» маркалы автобусы және «Nissan» жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы болды.
– Салдарынан «Nissan» жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство өкілдері қыс мезгілінде жолда барынша сақ болу керектігін ескертеді.
– Көктайғақ пен нашар көріну жағдайында ерекше мұқият болу қажет. Жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау және жолдың жағдайын ескеру өте маңызды, – деп атап өтті мамандар.
Фото: Қызылорда облыстық ПД