Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Арай-3 тұрғын ауданы мен қаланың сол жағалау тұрғындарырың шағымдарына сәйкес ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында су жүйелеріне тазарту, жуу, шаю және зазалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
«2024 жылдың 4, 5, 6, 7 наурыз күндері «Арай» су алу құрылымының таза су жинау резервуарларына, д-450мм жалпы ұзындығы 2288 қаршы метр болатын су өткізу құбырына және д-160мм кварталралық ауыз су жүйелеріне тазарту, жуу, шаю және зазалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 2024 жылдың 4, 5, 6, 7 наурыз күндері таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін Арай мөлтек ауданына, Халыққа қызмет көрсету аумағына (Ақжайық, Сейхун, Отырар, Мамыр, Баянауыл көшелері), Арай-Шұғыла мөлтек ауданына және Демесінов көшесіне ауыз су беру уақытша тоқтатылу мүмкіндігі болатынын хабарлаймыз», - делінген қала әкімдігінің таратқан хабарламасында.
Фото: Нұрболат Нұржаубай