Фото: hyperauto.ru
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облыстық ТЖ департаменті тұманда автокөлікте болсаңыз, төмендегі ережені есте сақтауды ескертеді.
1. қашықтықты сақтау: бұл әрқашан маңызды, бірақ нашар көріну кезінде көліктерге дейінгі қашықтықты одан да мұқият бақылаған жөн;
2. жылдамдықты асырмаңыз, жолдағы және жол жиегіндегі жағдайды мұқият қадағалаңыз;
3. тұманда өзге көлікті басып озуға әрекеттенбеген дұрыс, арақашықтықты қатаң сақтаңыз.
Тұманда жүруге бола ма?
Мәселен, егер көріну жиырма метрден аспаса, онда мұндай жағдайда автомобильдің қозғалыс жылдамдығы сағатына он шақырымнан аспауы керек. Егер тұман тым қалың болса, жолда көріну екі метрден аспаса, қозғалысты тоқтатып, аялдаған жөн.
Егер сіз тұманда адасып қалсаңыз?
Картада орналасқан жеріңізді анықтаңыз, қай бағытқа барғаныңыз жөн екенін шешіңіз және осы сызықтан қандай да бір көрнекті анықтамалық нүктені (мысалы, жартас, үлкен ағаш және т.б.) тапқаннан кейін, оған тікелей барыңыз, компас бағытымен жүріңіз.
Тұман кезінде не істеуге болмайды?
Ешбір жағдайда шаршағаныңызға қарамастан, тұман басқан жерді мүмкіндігінше тезірек еңсеруге тырысуға болмайды, жолдан шығып, тұманның сейілгенін күткен жөн әрі қауіпсіз; - Егер тұманды күні жолға шығудан бас тарту мүмкіндігі болса, онда қиындыққа тап болғаннан гөрі мүмкіндігінше қауіпсіз және жоспарланған істерді кейінге қалдырғаныңыз дұрыс болады.
Тұман қаупі неде?
Тұман - өте қауіпті атмосфералық құбылыс. Көлденең көріну бірнеше ондаған метрге дейін азайған жағдайда авиациялық, автомобиль және теміржол көлігінің, сондай-ақ жоғары вольтты электр беру желілерінің жұмысы үшін қолайсыз жағдайлар туындайды.
Тұман денсаулыққа қалай әсер етеді?
Тұман кезінде, әсіресе қалың, ауаның ылғалдылығы жоғарылайды, оның құрамындағы оттегі, керісінше, азаяды. Демек, жүрек ауруы бар науқастарда ентігу, тахикардия, жалпы әлсіздік байқалуы мүмкін. Адамдардың бейімделу жылдамдығы әр түрлі, ауа-райына реакциясы да әр түрлі.