Kyzylorda-news.kz. Қашаннан ат ерттеп, атан қомдаған қазақ жұрты үшін ауыл шаруашылығы әу, бастан қалыптасқан кәсіп. Бүгінгідей ғылым мен техника дамыған тұста ауыл шаруашылығы қоса дамып, заманға сай өнімін өндіріліп, ел экономикасының өркен жаюына әлі де септігі тиіп келеді. 

Бұл ретте, Сыр өңірі елімізде мал және егін шаруашылығын игеріп, жіті дамытып келе жатқан өңірдің бірі деуге болады. Сөзіміз жалаң болмас үшін, қолда бар көрсеткішті алға тарта аламыз. Мәслене, биыл жыл басынан бері ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 миллион 846,5 мың теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 105,3 пайызды құраған. Оның ішінде, мал шаруашылығында меншіктің барлық нысандары бойынша 35 544 бас ірі қара мал, оның ішінде 16 983 бас сиыр, 17 046 бас жылқы, 3 411 бас түйе, 40 339 бас қой мен ешкі, 15 213 құс өсірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда ірі қара мал 129,3 процентке, сиыр 102,0 процентке, жылқы 142,7 процентке, түйе 87,1 процентке, қой мен ешкі басы 125,2 процентке, құс 102,3 процентке артқан. 

Мал шаруашылығы саласында өнім өндіру кәсібінде де ілшгерілеушілік байқалады. Мәселен, жыл басынан бері қалада 845,2 тонна ет (тірідей салмақпен), 1 330 тонна сүт, 57,4 мың дана жұмыртқа өндірілген. Мұның өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда ет өндіру  106,0 процентке, жұмыртқа өндіру 101,4 процентке, сүт өндіру 100,3 процентке артқанын байқауға болады. 

Ал, егін ұшаруашылығы саласы бойынша да мынадай көрсеткіштерді алға тартуға болады. Мәселен, Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрлымының барлық нысандарында 2023 жылы барлығы 9036 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде күрішті 3610 гектарға, көкөністерді 1330 гектарға, ескі жоңышқаны 1849 гектарға, жаңа жоңышқаны 575 гектарға, бау-бақша дақылдарын 990 гектарға, картопты 500 гектарға, жаздық бидайды 107 гектарға және 75 гектарға сорго  егуді жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыз: