Kyzylorda-news.kz. 5 тамыз – Медиация күні аясында Қызылорда қаласындағы Достық үйі мен Татуласу орталығында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Бітім» медиация орталығымен бірлескен «Ашық есік күні» акциясы болып өтті.
Медиация тәсілі арқылы дауларды шешуді түсіндіру, тұрғындарға медиативті кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған шарада кәсіби медиаторлар өз қызметтерін ұсынды.
«Ашық есік күні» акциясы барысында кәсіби және қоғамдық медиаторлар отбасы-неке дауы, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер, меншіктік, жер, жылжымайтын мүлікке қатысты дау және өзге де даулы мәселелер бойынша ақысыз негізде кеңестерін берді.
Аталған акция облыстың аудан орталықтарында өз жалғасын тапты. Жалпы алғанда қала және аудандарда 20 медиациялық кабинетте 300-ге жуық тұрғынға кеңестер берілді.
