Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Х.Бектұрғанов көшесі №11 мекенжайда фастфуд асханасы жанып жатқаны жөнінде «112» желісіне хабарлама түсті.
Аталған шақыртуға орай №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен қосымша күш ретінде №7, №6 өрт сөндіру бөлімдерінен 3 техника 27 қызметкер жұмылдырылды.
«Оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде аталмыш асхананың ауданы 1,5х5 метр болатын шатыры жануда және Х. Бектұрғанов көшесі №11 бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №87 пәтердің балконына өрт таралып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің біріккен, жедел іс-қимылы мен кәсіби біліктілігінің нәтижесінде тілсіз жаудың пәтер ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт салдарынан жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Шығу себебі мен шығыны анықталуда», - делінген хабарламада.