Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында аққуды ұстап, өлтірген адам анықталды.
22 желтоқсанда әлеуметтік желіде аққуды ұстап, өлтірген адам туралы бейнежазба жарияланды. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті тарапынан жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілді.
«Оқиға бойынша осы күнге дейін Полиция департаментіне тіркелмеген. Бейнежазбадан соң іс материалдары Сырдария аудандық полиция бөлімінің «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде бейнежазбадағы облыстың 26 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналының жағасында болғаны, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.