Kyzylorda-news.kz. 17 қараша - Халықаралық студенттер күнінде Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінде аймақ жастарына арналған дыбыс жазу студиясының, «Ақиқат» дебат клубының облыстық деңгейде ашылуы өтті. Бұл туралы «Жастар ресурстық орталығының» «Facebook» әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

Клубтың ашылу рәсіміне Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров қатысты. Басшы орынбасары игі шараларға тілектестік білдіріп, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

«Ақиқат» дебат клубы 2004 жылдан бері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қабырғасында жұмыстар жүргізіп келеді. Ендігі кезекте клуб Жастар орталығының жанынан облыстық деңгейде құрылды. Алдағы уақытта «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қолдауымен барлық аудандарда және кәсіби білім беру ұйымдарында, университеттерде филиалдары ашылатын болады. 

Мұнымен қоса, облыстық деңгейде дебатшыларға арналған арнайы лига іске қосылып, өз жұмысын бастайды. 

Ал заманауи құрылғылармен жабдықталған дыбыс жазу студиясы алдағы уақытта облыстың шығармашыл жастарының игілігіне жұмыс істейтін болады. 

315940113_1391301008311221_5234173831231851239_n.jpg
315543613_1391301054977883_3217599062457379339_n.jpg

Тағы да оқыңыз: