Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан еліміздің каhарманы, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған турнир өтті.

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен«Динамо» спорт кешенінде құқық қорғау органдары және күштік құрылымдар қызметкерлері арасындаерлікпен қаза тапқан полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған шағын футболдан турнир  өтті. Сонымен қатар турнир аясында полиция қызметкерлері ұлттық спорттық ойындардан сайысқа түсті. 

Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы, Талғат Қозыбаевтың әкесі Есентай ағай, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Гимні шырқалып, батырымызды еске алу үшін бір минутүнсіздік жарияланды.

Ауқымды спорттық шараның салтанатты ашылуындаПолиция департаментінің бастығыполициягенерал-майоры  Аблазимов Махсудхан Нұғманұлыашып, сөз сөйледі. «Тереңөзек топырағынан түлеп ұшқан біздің мақтанышымыз Қозыбаев Талғат Есентайұлын еске алу іс-шаралары жыл сайын атап өтілуде. 

Аға ұрпақпен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын  біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Ал өзіміздің әріптесіміз – қызмет  бабында қайтыс болған еліміздің  қаһарманы ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция аға лейтенанты Қозыбаев Талғатты тәрбиелеген Есентай ағаға шексіз алғысымызды білдіреміз. 
Өз өмірін бейбіт халықтың тыныштығы жолында құрбан еткен полицейдің қайсарлығы, батылдығы, ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болмақ. Талғаттың бейбіт өмірде жасаған өшпес ерлігі мен батырлығы халықтың жадында мәңгі жаңғырып тұрмақ. 

Бүгінгі Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған облыс көлемінде құқық қорғау органдары  және күштік құрылымдарының қызметкерлері арасында өтетін шағын футболдан жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеймін!» деді Махсудхан Нұғманұлы. 

Одан кейін бейбіт өмірде өз өмірін қиып ел азаматын  қорғап қалғанелінің каhарманы Қозыбаев Талғаттың  әкесі  Қозыбаев Есентай ағамызға сөз берілді. Сондай – ақ, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбаев Серікбол Қуатбайұлы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, Қызылорда облысының маслихат депутаты, Қызылорда облысы полиция департаментінің Консультативтік- кеңесші органының мүшесі  Шаймағанбетов Әмірбек Бердібекұлықұттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік  тіледі.       
Ойын басталмас бұрын командалар сапқа тұрып, жеребе тарту рәсімін бастады. Ойынның міндеттері мен шарттарын анықтайтын мандаттық комиссия құрылды. 

Шағын футболдан өткен турнирге 14 команда, 140қызметкер қатысты. ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлімі, 66597 әскери бөлімі, облыстық сот, облыстық прокуратура,  ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі, Төтенше жағдайлар,Экономикалық тергеу департаменті, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы және полиция қызметкерлері тартысты додада бақ сынасты.  Дода өте тартысты өтті. Алайда, шеберлігі асқан, айласы мен күші басым деген командалар жеңіске жетті.

Спорттық бәсекенің нәтижесінде шағын футболдан 1 орынды иеленген ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлім  командасы, 2 орынды Желілік полиция бөлімінің   командасы,  3 орынды  Қызылорда облысы Полиция департаментінің  командасы иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлім қызметкері Жүсіппай Әли,«Үздік шабуылшы»  номинациясымен Желілік полиция бөлімінің қызметкері Жақсылықов Мейрбек, «Үздік қорғаушы» номинациясымен  Қызылорда облысы Полиция департаментінің  Кадр саясаты басқармасының ЕТЖ аға инспекторы полиция капитаны Абдугаппаров Дулатбек, «Үздік қақпашы» номинациясымен Қалалық полиция басқармасының Кадр саясат бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрғалиев Бақдаулет марапатталды.   

Сонымен қатар, турнир барысында  қызылордалық полицейлер  ұлттық спорт түрлерінен  сайысты. 

Жарыс ұлттық ойындардың үш түрінен ұйымдастырылды: қол күресі, гір көтеру және арқан тартыс. Сайыста полицейлер белсенділік танытты. 

Тартысты сайыстың нәтижесінде  арқан тартыстан  1 орынды Оқу жаттығу взводы, 2 орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ,  3 орынды Әкімшілік полиция басқармасының командасы иеленді. 

Қол күрестен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция майоры Леденёв Борис үздік болып  шықты,  екінші орынға Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция капитаны Пазылов Жомарт, үшінші  орынға  Оқу жаттығу взводының инспекторы полиция капитаны Жарылқасын Шалқар   ие болды.  Гір тасын көтеруден Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция аға лейтенанты  Дербісалин Нұрдаулет жеңімпаз атанды. 2 орын  Оқу жаттығу взводының инспекторы полиция майоры Досымов Жасуланға,  3 орын  Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция  капитаны Ахметов Талантқа бұйырды.
Сыр өңірінде өткен бәсекеде оза шапқан командалар кубокпен, медальдармен және грамоталармен  марапатталды. 

Тағы да оқыңыз: