Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі және Қызылорда облысы «Жас Сарбаз» орталығы, Қызылорда облысы қорғаныс департаментінің ұйымдастыруымен Б.Ермекбеав атындағы №271 мектеп ғимаратында мектеп оқушылары арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен республикалық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. 

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру болатын. Қызылорда облысы қорғаныс істері департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша бастығының орынбасары подполковник Жақыпов Алмат Алмасұлы: «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті. 

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Қөпжасаров Қуандық Қараманұлы «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынының қатысуышларына сәттілік тіледі. 

Қала мектебінен жасақталған команданың оқушылары пневматикалық мылтықтан нысана ату, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, арқада жатып кеудені көтеру, биік белтемірге тартылу, арқан тарту, жеңіл атлетикалық кросс (ұл балалар – 3000м, қыз балалар – 1000м) сынды сайыстардан өзара сынға түсті. Сайыс қорытындысымен пневматикалық винтовкадан нысана атудан қызлар арасында І орынды №12 мектептен А.Сүгірбаева, ІІ орынды №101 мектептен М.Тұрғанбай, ІІІ орынды Дарын мектебінен С.Сабитқызы алса, ұлдар арасынан І орын №261 мектептен Е.Сухрапұлына, ІІ орын №235 мектептен Д.Ибраевқа, ІІІ орын №120 мектептен Д.Бұхарбаевқа бұйырды. 

Ал «АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау» бағытында қыздар арасында І орын- М.Тұрғанбай (№101 мектеп), ІІ орын- А.Әділханқызы (№2 мектеп), ІІІ орын К.Сермаханова (№6 мектеп) бұйырса, ұлдар арасында І орынды Д.Ибраев (№235 мектеп), ІІ орынды Е.Сухрапұлы (№261 мектеп), ІІІ орынды Серікбай Ернұр (№7 мектеп) иеленді. 

сондай-ақ, арқада жатып кеудені көтеру, (1 минут) қыздар арасында

Іорын-М.Тұрғанбай №101 мектеп

ІІ орын- А.Сүгірбаева №12 мектеп 

ІІІ орын- К.Сермаханова №6 мектеп иеленсе, биік белтемірге тартылудан ұлдар арасында Іорын - Д.Ибраев №235 мектеп, ІІ орын - О.Қалдашбаев №2 мектеп, ІІІ-орын -  М.Айдарбек №2 мектеп місе тұтты. 3000 метрге жүгіруден ұлдар арасында І орын Д.Ибраев №235 мектеп, ІІ орын Д.Қанжарбекұлы №143 мектеп, ІІІ-орын Н.Ақдаулет Дарын мектебі, қыздар арасында  1000 метрге жүгіруден І орын А.Әділханқызы № 2 мектеп, ІІ орын М.Сабыралы №211 мектеп, ІІІ-орын А.Қоңысбекова №143 мектеп, ІІІ-орын- А.Мейрамбекқызы №1 мектеп иеленді. 

Жалпы командалық есепте жүлделі орын алған Д.Ибраев №235 мектеп, Е.Сухрапұлы №261 мектеп, Серікбай Ернұр №7 мектеп, Д.Бұхарбаев №120 мектеп, Д.Қанжарбекұлы №143 мектеп, А.Исатаев №211 мектеп, Н.Омаров №6 мектеп, Н.Берікұлы №271 мектеп, А.Нұрлан Дарын мектебі, Е.Мұратбек №101 мектеп, М.Тұрғанбай №101 мектеп, К.Сермаханова №6 мектеп, А.Әділханқызы №2 мектеп, А.Қоңысбекова №143 мектеп, А.Сүгірбаева №12 мектеп  облыстық кезеңге жолдама алды. 

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен,«Жас Сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасының арнайы кубоктарымен және медальдарымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: