maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттың Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Ләйлә Төрешова, Л.Ибраимова, С.Өмірзақовтың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Гүлнар Есқалиева төрағалық етті.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде облыстық қоғамдық даму басқармасының ағымдағы жылы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу есебі және облыстық қоғамдық даму басқармасының  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы екі мәселе қаралды.  Аталған мәселелер бойынша қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова хабарлама жасады. 

Отырыс соңында,  депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бағдарламалар баяндалды

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Мақсұт Нәлібаевтың төрағалығымен, комиссия мүшелерінің қатысуымен облыстық мәслихаттың Кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіндегі облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның және терроризмге қарсы облыстық комиссияның құрамын бекіту туралы облыс әкімі аппарат басшысының орынбасарлары Е.Бәкіров және Ж.Еркінбек хабарлама жасады. Ал Кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның жылдық жоспарына сәйкес, облыста Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков баяндады.

Тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары М.Өтеев, О.Төлепов, Қ.Боранбаев, Б.Сандыбаев, Н.Ибраев, М.Ералиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша басқарма басшыларының хабарламаларын тыңдаған соң, халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Комиссия отырысының соңында тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланған мәселелерге сәйкес тиісті қаулы қабылданды.

Сала басшыларына ұсыныстар берілді

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Бағдәулет Махашовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың өндіріс және шаруашылық салалары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, М.Жұмашев, Ж.Үздембаев, Ж.Нұрымбетов, Ж.Прманов, Б.Дүйсенбек және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П.Шамұратов қатысты.

Күн тәртібіне тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған облыстың көлік инфрақұрылымдық даму жоспары бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселе ұсынылып, басқарма басшысы Пахуаддин Шамұратов хабарлама жасады.

Хабарламадан соң, өңірдегі көлік инфрақұрылымдық даму жоспары бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар жайлы, сондай-ақ, 2024 жылға дейінгі аудан бөлінісіндегі жоспар егжей-тегжейлі талқыланды.

Отырыс соңында, депутаттар тарапынан әлеуметтік желілерде үнемі көтеріліп жүрген облыс бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін жол мәселесі айтылып, сала басшыларына тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.

319889736_879035646844817_8360075397437556078_n.jpg
319908836_711857033855382_965523457739857552_n.jpg

Тағы да оқыңыз: