Kyzylorda-news.kz Қызылордада әйелдер мен ер адамның төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Egov.Press Telegram каналы төрт әйел кездесіп, сары көйлек киген бойжеткен олардың бірін қол-аяғымен ұрып-соғып жатқаны, содан кейін ер адам төбелеске араласып жатқан видеоны таратқан болатын.

«Қызылордалық полицейлер бір топ жастың бұзақылық әрекетін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», –деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазТАГ сайтының сауалына.

Фото: jasqazaq.kz

Тағы да оқыңыз: