Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы наурыз айынан бері 381 қыз-келіншекке кеңес беріп, 164-ін түрлі бейім бағыттары бойынша оқытты.

Орталық осыған дейін әйелдерге арнап SMM, тігіп-пішу және кондитерлік курсты ұйымдастырса, қыркүйек айында құрақ құрау мен маникюр және массаж курстарын өткізді. Бұдан басқа бухгалтерлік, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық аспектілері т.б. оқу курстарын онлайн жүргізіп жатыр.

«Сонымен қатар тәжірибелі кәсіпкерлерді тарта отырып, «Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер нені білуі керек?», «Әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыптарында вебинарлар да өткізіп жатырмыз. Біздің қызметімізді облыс орталығындағы тұрғындармен бірге ауылдық елді мекеннің азаматтары да алып жатыр. Егер қыз-келіншектердің курстарға офлайн қатысу мүмкіндігі болмаса, онда онлайн ұйымдастырылып жатқан курстарды ұсынып жатырмыз», – дейді орталық кеңесшісі Жадыра Нұрханова.  

Айта кету керек, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы еліміздің барлық өңірінде ашылған. Жобаны Азия даму банкінің қаржылай қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып жатыр.

Аймақта кәсіппен айналысамын деген қыз-келіншектер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан кеңес ала алады. Орталық Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 123 үйдің 1-қабатында орналасқан. («Бизнеске арналған Үкімет» ғимараты), байланыс нөмірлері 8/7242/40-02-02. Орталық кеңесшісі Нұрханова Жадыра Мейрамбекқызы. Кеңесшіге 8-705-116-19-10 нөмірі арқылы байланысқа шығуға болады.

9413733c-4690-4cf1-8953-7d076bac41b3.jpg

 

Тағы да оқыңыз: