Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурызындағы №304 Заңының 3-бабының 4-тармақшасына сәйкес, әділет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету мен құқықтық насихатты қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласына қарасты  №68 мемлекеттік мекемесіндегі сотталған азаматтарға тегін құқықтық кеңестер беру үшін Қызылорда облысының Әділет департаментінің мамандары арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау  бөлімінің бас маманы Ж.Нағашыбай,  Қызылорда облыстық нотариаттық палатасының нотариусы А.Тажиев және Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Б.Ширахманова мен А.Жұбатханов және баспасөз хатшысы А.Нүрпейісова келді.

Кездесу барысында мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтары  тарапынан сала мамандарына өздерінің қылмыстық, азаматтық істері, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаннан кейін үкім бойынша келтірілген залалды өндіру мерзімдері бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтар бойынша білікті мамандар кеңінен құқықтық түсінік берді.

Бұл кездесуде сотталғандарды негізінен шартты түрде мерзімінен бұрын босату, оларға шығарылған сот үкімдерінің объективтілігі мәселелері қызықтырды.

WhatsApp Image 2022-12-05 at 11.12.17.jpeg

Тағы да оқыңыз: