Kyzylorda-news.kz. Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың ұйымдастыруымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқығын қорғау күніне орай «Кітап. Ел. Рух» атты әдеби автобус шарасы өткізілді. №14 бағыттағы автобус іші-сырты дәйекті сөздермен, шарлармен безендіріліп Рухани байлығымыздың қайнар бұлағы кітапты ұлықтау мақсатында лық толы жолаушыларымен кезекті сапарына бет алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру жөніндегі тапсырмасы келешек ұрпағымыздың ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы - кітап екенін естен шығармағаныңыз абзал. 

Кітапхананың белсенді оқырмандары Г.Сердалы Гүлерке «Кітап біздің досымыз», Б.Сақтаған Бегімсұлу «Кітап білім бұлағың», Н.Алтынбекқызы Нұрайым «Кітап ақылшың досың», Жұмағали Аружан «Кітап», Б.Сақтаған Бегімсұлу М.Мақатаевтің «Апырмай туған жер», А.Аманжол Аяна Е.Жүністің «Тәуелсіздік», Н.Алтынбекқызы Нұрайым «Туған жер» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, жолаушыларды бір серпілтіп тастады. Келесі кезекте қызықты «Әдеби викторина» ойыны ойнатылып, дұрыс жауапқа сыйлық берілді. Әдебиет, мәдениет төңірегіндегі сұрақтар жолаушылар қызығушылығын арттырып, белсенділік танытты. Ия, «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз «Кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді? Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рөлге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Кітап - кез-келген оқырманның азығы. Тамыры тереңнен басталып, адамзат пайда болғаннан бері кітаптың, маңыздылығы артпаса кеміген жоқ. Өткен тарихын біліп, ақын жазушылардың шығармаларына қанып өскен ұрпақ кітап қндылығын бір сәтке естен шығармақ емес. Көненің көзі саналатын кітаптар ежелге аты әлемге әйгілі кітапханаларда осы уақытқа дейін құнды құжат ретінде сақтаулы тұр. Өйткені, ол сол елдің тарихы, мәдениеті, салт дәстүрінің айшықты белгісі.Келесі кезек қазақтың мақал-мәтелдеріне беріліп, ойын жалғаса түсті. Мақал-мәтелдің жартысы айтылып, әрі қараай екінші жартысын тауып, жолаушылар тапқырлық танытты. Сан түрлі тақырыптағы жұмбақтар шешіліп, өз білімдерін көрсеткен жолаушылар сыйлақтарға ие болды. 

Сонымен қатар А.Жәнібекова, Ғ.Еділбаева, А.Бисембай, А.Ұзақбай, Д.Қалданова, Ж.СүйенбайА. Қоңқабаев, Ғ.Дінмұхамед, Ә.Есборлова, Г.Төреханова ән шырқаса, Манас Молдашов «Кітап өмір досы» атты арнау айтты. Қазіргі кезеңде Елімізде интернет желісінің өте кең ауқымды таралуы, электрондық ақпараттардың көптігі, қажетті білімді электрондық парақшадан ақ қағазға көшіру жастарымызды кітаптан алшақтатып барады. Адамзат даналығының алтын кілті кітап, әрбір халықтың кемелдікке келгенін, өркениетті қоғамға қадам басқанын көрсететін қасиетті орын-кітапхана екенін түсіндіре отырып, кітап оқуға шақыру, кітаптың құдіреттілігін түсіндіру, жастардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, - деген мақсаттағы «Әдеби автобус» шарасы өз мәресіне де жетті.

Тағы да оқыңыз: