Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасында адвокаттардың қатысуымен «Ашық есік» күні өтті.

Ашық есік күнінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар мамандардан кеңес алды. 

Атап айтқанда алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға кеңес берілді. 

Сонымен қатар мамандар жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға да көмек көрсетілді. Оған қоса, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға адвокаттар жөн сілтеді. 

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз отбасыларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Шара барысында тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауап берілді.

ашык.jpg

Тағы да оқыңыз: