Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап мас күйде басқарғандарға жауапкершілік күшейтілген заң күшіне енседе оны сезінетін жүргізушілер аз. Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлерімен облыс бойынша 987 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны анықталды.  

Солардың бірі 1 желтоқсан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда Аэропорт автожолы бойында Mitsubishi Outlander автокөлігі токтатылған. Тәртіп сақшыларымен құжаттарын тексеру барысында 39 жастағы жүргізушінің алкоголь ішіп, көлік басқарғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.

1981 жылғы жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 тармағымен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Тағы да оқыңыз: