Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың күріштік алқаптағы балық шабақтарын құтқару іс-шара жоспарына сәйкес облыс көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда.
Осы орайда Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі «Мағжан» шаруа қожалығының күріштік алқаптарының қашыртқы каналдарынан балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізді.
15 қызметкер мен 3 арнайы техника жұмылдырылған шарада сазан, ақамур, жайын, мөңке, дөңмаңдай секілді 9000 мыңнан астам түрлі балық шабақтары құтқарылды.
