Kyzylorda-news.kz Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында орын алған. 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың тісі кіріп кеткен. Құтқарушылар балаға көмектескен деп хабарлады Skifnews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды.

Фото: ТЖМ

Тағы да оқыңыз: