Kyzylorda-news.kz Бес жүзінші салтанатты рәсім Қызылорда қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу ғимаратында өтті. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлады.
Салтанатты рәсімдерді өткізу тәжірибесі өңірде осы жылдын 1 маусымында енгізілді. Осы уақыт ішінде мұнда отбасылық өмірдің мерейтойларын, туу туралы куәліктерді тапсыру және зейнеткерлерді лайықты демалысқа шығуымен құттықтау сияқты көптеген маңызды іс-шаралар өтті. Мерейтойлық 500-ші рәсім Асылжан мен Жаннаның некесін салтанатты түрде тіркеу болды.
"Біз некені салтанатты жағдайда тіркеуге мүмкіндік бар екенін білдік және бірден салтанатты рәсім күнің белгіледік. Біз үшін осы маңызды күнге туыстарымыз бен жақындарымызды шақыру, сондай-ақ естелік фотосессия ұйымдастыру өте маңызды болды. Біз бұл күннің өмір бойы есте қалуын қаладық", - дейді жас жұбайлар.
Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтінішті АХАТ басқармасында немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Өтінімді қарау мерзімі - 15 жұмыс күні.
Айта кетейік, барлық салтанатты рәсімдер Қызылорда қаласы С.Бейбарыс көшесі, 1А мекенжайы бойынша өтуде.