Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы орталығында екі тұрғын 40 мың евро ұрлап, қолға түсті.

Қызылордалық полицейлер жеке тұрғын үйден 40 000 евро ұрлаған екі күдіктіні ұстады.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел «102» арнасына 54 жастағы қала тұрғыны үйіне ұры түсіп, қомақты қаржысы жоғалғаны жөнінде арызданған болатын. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін күштеп ашып кіріп, жатын бөлменің ішіндегі керует астынан 40 000 евро ақшасын, «Samsung Galaksi TAB S-7» және «Samsung S-9» ұялы телефондарын қолды еткен. 

Қызылорда қалалық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұл іске  қатысы бар күдіктілер - екі сыбайлас 29 және 30 жастағы қала тұрғындары анықталды. Ұрылар тез арада облыс орталығында қолға түсті. Сол мезетте күдіктілерден айғақты заттар алынды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен (Адамдар тобының   алдын – ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктілерге қатысты сот санкциясымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. 

WhatsApp Image 2022-11-03 at 15.12.59(1).jpeg

Тағы да оқыңыз: