Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 31 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ибраева мәлімдеді. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысының міндетін атқарушы аймақта мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Бүгінгі күні аймағымызда 31 775 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Оның 5 632-і 18 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін барлық техникалық оңалту құралдары мен қызметтері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізілуде. Есепті кезеңге облыста әлеуметтік оңалтуды қажет ететін 25 412 өтініш берушінің 22 903-і, яғни, 90,1 пайызы портал арқылы электронды цифрлық қолтаңбасымен өзі таңдау жасап, әлеуметтік оңалту шараларын алды. Көрсеткіш бойынша Сыр өңірі республика көлемінде бірінші орында тұр», - дейді Айгүл Ибраева. 

Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында облыс көлемінде 2021-2025 жылдарға 1 294 инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспарланды. Оның ішінде өткен жылы 258 нысан бейімделсе, биылғы жылы 277 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.25.28.jpeg

Тағы да оқыңыз: