Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан Республикасындағы ландшафтарды қалпына келтіру жөніндегі» Дүниежүзілік Банк Жаһандық экологиялық қоры - жобасы шеңберінде Қызылорда орман шаруашылығының мемлекеттік орман қорының 3 000 гектар алаңында «Жасыл аймақ» құру көзделген. 

Осы орайда, кеше ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шарушылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Дүниежүзілік Банк өкілдері, Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы мен «Қазгипроорманшар-КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары белгіленген аймақтарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

3000 гектар жерге «Жасыл аймақ» құру жобасы Қызылорда, Шиелі, Сырдария, Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің күшімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, аталған аймақтардың орман қоры жерлерінде топырақ дайындау және жер жырту жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, аталған 3000 гектар жерге келер жылдың көктем айында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

312929153_1333356310753181_271626014218684848_n.jpg

Тағы да оқыңыз: