**Kyzylorda-news.kz. *Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері*** *3 күнде қала орталығының көшелерінде тәртіп бұзған 55 жүргізуші анықтады.*

Атап айтар болсақ, 9 қаңтарда қала орталығының көшелерінің бірінде түнгі уақытта бірнеше тәртіп бұзушы анықталған.

“BMW 530І” маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамасы рәсімделіп, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, “Оpel Astra” маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттамасы рәсімделді. Жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: