Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы Қызылорда қаласында 11 331 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 6698 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы аясында 5732 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 31 жоба арқылы 504 азамат жұмыспен қамтылды. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мақсатында 12 мекемеге 26 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Былтыр ауылдық округтердегі мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алып беруге көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар адамдарды ай сайын қаржылық көмек көрсеттік. Сонымен қатар ымдау тілі мамандары еңбегіне орай жалақы төленуде. Арнайы тапсырмамен мүгедектігі бар адамдарға  көмек  көрсетіліп келеді. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 507 балаға әлеуметтік төлем жүргізілді. Әлеуметтік тұрғыдан осал 225 отбасы ыстық тамақпен қамтылды, – деді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева.
Басшының сөзіне сүйенсек, былтыр әлеуметтік топтамаға ие болған 1-6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем ретінде қаржылық көмек көрсетілген.

Тағы да оқыңыз: