Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экология департаменті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен қатысуымен пресс-тур өткізді. 

Баспасөз-туры барысында экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Н.Нұрмаханов тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы сұрыптау, қалдықтарды көму және тағы басқа жұмыстарымен таныстырды. 

Атап айтсақ, бүгінгі күні облыста 145 полигонға жер учаскелері белгіленсе, оның 7-і ғана, яғни, 5 пайыз ғана экологиялық талаптарға сай сәйкестендірілген.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген  ҚР «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға қарай, тұрмыстық қатты қалдықтардың  сұрыпталып, өңделу  үлесін 40 пайызға дейін жеткізу қажет және 95 пайыз тұрмыстық қатты қалдықтарды  орналастыру  обьектілерінің  экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкестендіру қарастырылған. 

Облыс бойынша барлығы 145 полигон құрылысы үшін жер учаскелері бөлініп, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңмен шаралар жүргізілуде.  

Соңғы 3 жылда облыста жаңадан 2 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының (Қызылорда, Арал қалалары) құрылысы жүргізіліп, қолданысқа  берілген. 

Биылғы жылы 3 ауданда, атап айтқанда Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандарында жаңа полигондардың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр. 

Бүгінгі   таңда  облыс аумағындығы  түрлі  қалдықтарды  тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта  өңдеу және  жою  саласында 15-тен аса кіші және  орта кәсіпкерлік  субьектілері  жұмыс  жасайды. Жалпы облыс тұрғындарының 70,8 пайыз тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.

IMG_20221208_204253_494.jpg

Тағы да оқыңыз: