Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 141 дана жол белгісі талапқа сай түзетілді.
Өткен жылы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қызылорда облыстық филиалының мамандарымен өңір аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда 336 дана жол белгісі арнайы рефлектометр құрылғысымен тексеріліп, соның 141-і талапқа сай емес екенін анықтаған. Яғни, трасса бойында жүргізушілерге бағыт-бағдар көрсетіп, қауіпті қиылыс-бұрылыстар мен жолы нашар учаскелерді білдіретін белгілер белгіленген нормативтерге сай емес болып шықты. Сондай-ақ, ұзындығы 36 шақырымға салынған жол таңбасынан да олқылық табылды. Тексеру нәтижесімен құзырлы мекемеге сын-ескертпе ретінде ұсыныс беріліп, бүгінгі күні барлық кемшіліктер түзетілді.
Айта кетейік, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында соңғы жылдары жол-көлік оқиғалары жиі орын алып барады. Сондықтан, жол апатының алдын алуда қауіпті учаскелердегі жол белгілері мен таңбаларының рөлі зор дейді мамандар.

