Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында жол инфрақұрылымын дамытуға 37,1 млрд. теңге бөлініп, 603 шақырым автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу көзделген.
Бүгінде жоспарға алынған жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. 11 айдың қорытындысымен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының мамандары жөндеуден өткен 238 нысанға тексеру жүргізген. Аспаптық зерделеу барысында жолдардан 294 ақау анықталып, хаттамаларға енгізілді. Ал асфальт жабындыларынан алынған 2814 зертханалық сынаманың 925-і талапқа сай болмай шықты.
«Жалпы өңірде сапаға салғырт қарайтын жол салушы компаниялар көбейіп барады. Дегенмен, орталық мамандарының ықпалымен анықталған кемшіліктерді түзету бойынша мердігерлердің өз қаражаты есебінен 218 миллион теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бірақ, әлі де жолдағы олқылықтарға көз жұма қарап, сын-ескертпелерді назарға алмай отырған мердігерлер бар», - дейді сала мамандары.
