Kyzylorda-news.kz. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС Қызылорда облысы Полиция департаментімен бірлесіп, қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен жиын өткізді.

Жиында «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС басшысының орынбасары, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Консультативтік - кеңесші органның мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов сөз алып, жол қауіпсіздігі бойынша мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев қосымша аялдамалар қою, автобус белгілері, қоғамдық көліктің жаңа бағыттардың қосылғандығы, ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты қардан тазаланған аймақтарға көктайғаққа қарсы құм-тұз себу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы айтып өтті. 

Өз кезегінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Ибраев қала көлемінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен жол-көлік оқиғаларын төмендету бағытында жыл басынан полиция органдарымен атқарылған жұмыстар туралы тоқталды. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілеріне қойылатын талаптар да кеңінен түсіндірілді. 

Полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» және т.б. көптеген жедел профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда.

Жалпы, жыл басынан жолда жүру ережелерінің қағидаларын бұзудың 61 мыңға жуық дерегі анықталып, тиісті шаралар қолданылған. Одан бөлек, мемлекеттік, жеке және шағын балабақшалардың балалар тасымалдайтын автокөліктерін тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ұсынысына сәйкес қаладағы 11 көше қиылыстарына қосымша бағдаршамдар, көшелерге 450 жаңадан жол белгілері, 15 көшенің бойына жасанды тегіс еместік қондырғысы орнатылды.

Осы және өзге де атқарылған жұмыстар нәтижесінде жол – көлік оқиғалары - 5,5 пайызға, онда қайтыс болғандар – 30,5 пайызға, жарақат алғандар – 11,3 пайызға төмендеді. 

Жиын соңында бірқатар мәселелер қаралып, қатысушылардың ұсыныстары тыңдалды.
 

68.jpg

Тағы да оқыңыз: