Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша автожолда балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды.
8 қаңтарда сағат 13.59 минут өткенде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат түсті. Онда «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 30-шақырымында, автожолдан оң бағытта фазендаға қарай шамамен 10 шақырым жерде бортты «Газель» маркалы автокөлік балшыққа батып қалғаны айтылған.
«Оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер 1 техникамен барды. Сағат 18.30-да департамент мамандары күшімен балшықта қалып қойған көлік Досан ауылына дейін жеткізілді. Салонда болған 1988 жылғы жүргізуші одан әрі жолын жалғастырды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Фото: Қызылорда облысы ТЖД
